Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттегі сыра зауытынан өрт шықты. Жалын зауыттың ескі ағаштар тұрған қоймасында тұтанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің ТЖ Комитетінің мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтауға 56 өрт сөндіруші мен 9 техника жұмылдырылған.

«Өрт күндізгі сағат 14.35-те «Шымкент сыра» зауытында шыққан. Жалын 5 шаршы метр аумақтағы ағаштар мен май сақталған 5 ыдыс тұрған жерден шыққан. Өрт шамамен 15.05-те ауыздықталды. Өрт сөндіру шаралары әлі де жалғасуда. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ» делінген ресми хабарламада.