Қалалық әкімдіктің мәліметінше, төтенше жағдайдың зардабын жоюға қаладағы коммуналдық қызметтер мен ТЖД 111 техникасы, жеке құрамнан 600 адам, сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 24 апатты қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылған.
«Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды. Қалған 12 нүктедегі 2200 абонентке электр қуатын беру жұмыстары жалғасуда» делінген хабарламада.
Ал қалалық ТЖД дерегіне қарағанда, шаһарда 30-дан аса ағаштың құлауы тіркелген. 21 жеңіл автокөлік зардап шеккен.