Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін тапты. Қаза тапқандар 50-55 жас шамасындағы әйел және 22-дегі жігіт және 13-тегі жасөспірім болып шықты. Қазіргі таңда осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізуде.
18:03, 09 Ақпан 2018
Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде үш адамды атып кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде үш адамды атып кетті. Қайғылы жағдай кеше кешкісін Абай ауданының аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.