Қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәліметінше, түзету мекемелерінің әкімшілігі сотталғандарға заңсыз жаза қолданған.
«Тексеру барысында жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн ИЧ-167/2 мекемесінде – сотталған 2 азаматқа, ИЧ-167/4 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/10 мекемесінде - сотталған 1 азаматқа, ИЧ-167/11 мекемесінде – сотталған 3 азаматқа қолданылған жазалау шаралары негізсіз қабылданған. Бүгінде прокурорлық қадағалау актілері негізінде қолданылған жазалардың күштері жойылған» делінген хабарламада.
Прокурорлар, сондай-ақ, түзеу мекемелерінің басшылары сотталған азаматтарға негізсіз көтермелеу шарасы ретінде «Алғыс» жариялағанын анықтады. Бүгінде аталған шешімдерінің де күштері жойылған.