Шымкенттегі зауыттардың бірінде өрт шықты

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі электр-автомат зауытында өрт шықты. Жалын «Айдын Энерджи» ЖШС-ның екі қабатты трансформатор жөндеу цехында тұтанған , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге күндізгі сағат 12.30-дар шамасында түскен.

«Зауыттың ауласында трансформатор жөндеу цехының, ауданы 160 шаршы метрлік шатыры, цехтың ішінде 11 дана трансформатор және 1 тонна трансформатор майы жанды. Өртті сөндіруге 17 техника мен  жеке құрамның 70 қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ «ЛТД Тұрмыс» мекемесінен 2 су таситын көлік жеткізілді. Өрт сағат 13.46-да толықтай сөндірілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметі тілсіз жаудың шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін анықтауда.