Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге күндізгі сағат 12.30-дар шамасында түскен.
«Зауыттың ауласында трансформатор жөндеу цехының, ауданы 160 шаршы метрлік шатыры, цехтың ішінде 11 дана трансформатор және 1 тонна трансформатор майы жанды. Өртті сөндіруге 17 техника мен жеке құрамның 70 қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ «ЛТД Тұрмыс» мекемесінен 2 су таситын көлік жеткізілді. Өрт сағат 13.46-да толықтай сөндірілді», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметі тілсіз жаудың шығу себептері мен келтірілген шығын көлемін анықтауда.