Шымкенттегі зауыттың мұнай өңдеу қуатын арттырған тиімді – Энергетика министр

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа мұнай өңдеу зауытын салу қымбатқа түседі. Ал, Шымкенттегі зауыттың мұнай өңдеу қуатын арттыру тиімді болмақ. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болат Ақшолақовтың айтуынша, елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі қарастырылып келеді.

«Алайда, қазіргі ең қолайлы нұсқа – Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын арттыру. Қазір бұл аймақ мұнай өнімдерін тұтынудың негізгі нарығы болып отыр. Ал Шымкенттегі зауыттың мұнай өңдеу қуатын кеңейту үшін барлық жағдай жасалған. Зауыт жылына 12 млн тонна мұнай өңдеуге жобаланған. Жалпы зауыттық шаруашылық пен зауыт аумағының өзі кәсіпорынды біртіндеп кеңейтуге мүмкіндік береді» -дейді Болат Ақшолақов.

Оның пікірінше, жаңа зауыт салу қолда бар өндірісті кеңейтуге қарағанда, әлдеқайда қымбатқа түседі.

«Зауыттың қазіргі қуаты – 6 млн тонна. Алайда, мәселе зауыт қуатын бірден 12 млн тоннаға дейін кеңейту туралы емес. Дәл қазір мұндай қажеттілік жоқ. Жылына 2-3 млн тонна мұнай өңдеу – қалыпты нұсқа. Бірақ, әзірше мұндай шешім қабылданған жоқ. Өйткені бізде жанар-жағармай отыны жеткілікті. Бұл өнім үшін Қазақстанның экспорт нарығы соншалықты ауқымды емес. Орталық Азия елдері отынды көп тұтынбайды. Ал, Ресейде өндіріс тұрғысынан өз профициті бар. Біз елдің өз сұранысын жабу қажеттілігіне қарай шешім қабылдайтын боламыз. Егер қазір мәселе реттелсе, онда бізде Шымкент мұнай өңдеу зауытын біртіндеп кеңейтуге жеткілікті уақыт бар», -деді Болат Ақшолақов.

Еске сала кетелік, бұған дейін Энергетика министрі Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдау жоспары жоқ екенін айтқан еді.

https://kaz.inform.kz/news/azerbayzhan-arkyly-munay-tasymaldau-zhospary-zhok-energetika-ministri_a3966287


Соңғы жаңалықтар