Шымкенттегі жоғары оқу орнында есірткі притоны анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкенттегі жоғары оқу орнында есірткі притоны анықталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысынақарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізубарысында қала университеттерінің бірінің спорт залында есірткі затын тұтынуүшін притон ұйымдастырылғанын анықтады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, аталған жайт бойынша ҚР ҚК 302-бабы 1-бөлігімен«Есірткі,психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесеоларды ұстау, сол сияқты осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру» сотқадейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталғанбарлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесіндежариялауға жатпайды.

Соңғы жаңалықтар