«Бүгін Шымкент-Астана бағытында рейске шыққан КС 352 ұшағындағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты ұшақ әуежайға қайтып оралды. Бортта әуе компаниясының қызметкерлері тарапынан барлық тиісті шаралар жасалды», - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.
Ұшақ жерге қонысымен жедел жәрдем қызметкерлері науқасты қарап, оның қайтыс болғанын анықтады. Әуе компаниясы қайтыс болған азаматтың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.