«Бірінші, ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды деп танылсын. Екінші, Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатының сайланған депуттары болып есептелінсін: 2014 жылғы 1 қазанда сайланған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды, 2017 жылғы 28 маусымда сайланған ҚР Парламенті Сенаты депуттарының өкілеттік мерзіміне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров. Үшінші, 2018 жылғы 5 қазанда болған Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенаты депуттарын сайлаудың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға сай жариялансын», - делінген қаулыда.
16:09, 08 Қазан 2018
Шымкенттен сайланған сенаторлар белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау коммиссиясының төрағасы Берік Имашевтың төрағалығымен комиссияның отырысы өтті. Шара барысында Шымкент қаласынан Сенатқа депутат болып сайланған азаматтарды тіркеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.