Оқиға Қаратау ауданындағы «Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Үшінші қабаттағы үш бөлмелі пәтердің жатын бөлмесіндегі жиһаз және көрпе-төсек өртке оранған. Оқиға орнына жедел жеткен №5 өрт сөндіру бөлімінің мамандары, түтінге уланып қалған 1980 жылғы ер азаматты құтқарып, қауіпсіз аймаққа шығарды.
«Түнгі сағат 00:05-те «101» басқару пультіне хабар түсті. Өрт сағат 00:27-де оқшауланып, сағат 00:37-де толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер зардап шеккен азаматқа қажетті көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Шымкент қаласы қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.