Шымкенттік 700-ден астам жас әскери борышын өтеуге жолданады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Биыл көктемгі науқан шеңберінде 700-ден астам азамат әскери борышын өтеуге жолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтырғы жылы Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке 1500-ге жуық азамат шақырылған. Биыл көктемгі шақыру науқанында 700-ден астам азамат әскери борышын өтеуге жолданады.

Ал әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде армиядан жалтарғандар жазаланатын болады.

«Мәселен, 1000 айлық есептiк көрсеткiшке (1 АЕК – 3063 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, бір жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыру секілді жазалар қолданылуы мүмкін», - деді Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары –жасақтау басқармасының бастығы, полковник Әжімұхан Шынтаев.