Шымкенттік балалар Байқоңыр ғарыш айлағында болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы балалар үйі тәрбиеле­нушілерінің бір тобы Байқоңырда болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар - еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Байқоңыр қалалық әкім­шілігі бірлесіп өткізген ғарыш тақыры­бындағы жас суретшілер байқауының жеңімпаздары. Ең алдымен жұлдызды қалашықтың көрікті жерлеріне саяхат жасаған балғындар халықаралық ғарыш мектебіндегі оқу бағдарламасымен танысып, Қорқыт бабаның рухына тағзым жасады. Ғарыштық зымырандар ұшы­рылатын кешендік құрылымдарды тама­шалады. Жергілікті атқару билігі тара­пынан балғын қылқалам шеберлеріне әлемге әйгілі айлақтан ескерткіш сый­лықтар табысталды.