Т.Орынбаев атындағы гипербарилық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермаханбетова бастаған бір топ дәрігерлер қайырымдылық шарасы аясында 200-ден аса баланы жинап, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Онда медицина мамандарымен бірген барған цирк әртістері де өнер көрсетті. Сондай-ақ балаларға арнап мерекелік дастархан жайылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, Тасарық ауылындағы балалар үйінде жетім және сал ауруына шалдыққан балалар тәрбиеленеді. Мұнда оларға арнайы емдеу, оңалту шаралары жасалады.