Шымкенттік дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, ауыр ота жасаған

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегін тоқтатып қойып, жүрекке ашық түрде ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жарым сағатқа созылған операция кезінде кардиохирургтар құрсағында шаранасыбар әйелдің жүрегінен эхинококк жылауығын хирургиялық жолмен алып тастады.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйел 16 апталық жүктілік кезеңінде. Жүктікеліншектің жүрегіне ашық отаны білікті дәрігерлерден құралған команда жасаған.Олардың қатарында кардиологиялықорталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев, кардиохирург Бауыржан Сайлаубекұлы, реаниматологБекжан Перменов пен дәрігер перфузиолог Жәнібек Абшировтар бар. Дәрігерлераурудың бұл түрімен жүктілікті ұзартудың жоғары қауіпін ескере отырып, жүреккеашық ота - журек эхинококкозэктомиясын жасаған. Ота сәтті аяқталып, келесі күндеріәйел асқынусыз кардиохирургия бөліміне ауыстырылған. Жүктілік ағымы да асқынусызөтуде. Науқасты бірнеше рет қараған қаланың акушер-гинекологтары ана мен балаүшін ешқандай қауіп жоқ екенін жеткізген.

Айта кетейік, елімізде жүкті әйелге жүрек эхинококкозымен ашық түрде отаалғаш рет жасалып отыр. Шымкенттік дәрігерлер мұндай диагнозбен аяғы ауырәйелдерге ота жасаудың қауіпті екенін жақсы білген.

Соңғы жаңалықтар