АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябинск тұрғыны қала көшесінде нөмірі ерекше көлікті суретке түсіріп алған. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік нөмірінде ырымшылдар үшін жаман сан саналатын үш алтылық қана емес, одан кейінгі әріптері де ZLO орысша «жамандық» деген мағына беретін болып шыққан, деп жазады otyrar.kz.
Сирек кездесетін нөмірі бар автомобильді байқап, суретке түсірген Челябинск қаласының тұрғыны Андрей Середа оны Фейсбуктағы парақшасында жария еткен.
Осы жазба оңтүстік өңірдің тұрғындарына ұнап қана қоймай, көлік иесіне қолдау білдірілген көп пікірлер жазылған.