Шымкенттік мұғалімдер электронды қызмет алуды жаппай меңгеруде

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мұғалімдерге электронды қызмет түрлерін алу дағдылары  үйретіле бастады. Тәжірибелік семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті ұйымдастырды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мен Шымкент қалалық білім бөлімі басшылары және шаһардағы 130 мектептің директоры қатысты. Шеберлік-сабақ форматында өткен  басқосу мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жай-жапсарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Арнайы оқудан өткен мектеп басшылары информатика пәні мұғалімдері арқылы өз ұжымдарын  электрондық порталда қызмет алуға баулуға мүмкіндік алмақ. мемлекеттік қызметтерді электронды түрде түрде алу тәсілдері memkyzmet.kz сайтында орналастырылған. 

Семинарда сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Əли Көмекбаев электронды қызметті қолданудың адам өміріндегі пайдалы тұстарына тоқталды.

«Бүгінгі семинардың ұстаздар қауымы үшін берері көп деп ойлаймын. Мұғалімдер осындай шаралар арқылы электрондық порталда жұмыс істеу бойынша жоғары сынып оқушыларының және олардың отбасы мүшелерінің цифрлық сауаттарын ашуға мұрындық болады. Жуырда ғана облыстың 8 мыңнан астам мемлекеттік қызметшісі үйден шықпай-ақ, электрондық порталда мемлекеттік қызмет алуға қол жеткізді.  Енді осы эстафетаны біз ұстаздар қауымына ұсынып отырмыз», - деді Әли Амантайұлы.

Семинардың маңыздылығына тоқталған Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тəжиева электронды қызмет көрсетуге байланысты алда атқарылар жұмыстарды баяндап, ұстаздарды жаңа жүйеде жұмыс істеуге шақырды. Семинар соңында қатысушыларға «Оңай әрі жылдам қызмет ал» тақырыбында жасақталған ақпараттық парақшалар таратылды.

Соңғы жаңалықтар