Сертификатқа ие болған ұстаздар мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін пәтер бағасының 10 пайыздық алғашқы жарнасын төлемейді.
Айта кетейік, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов биылғы дәстүрлі педагогикалық тамыз конференциясында мұғалімдерге баспана сатып алуға көмектесетінін айтқан еді. Онда қала басшысы: «Біз «Тұрғын үй жинақ банкінің» жетекшілерімен кездесіп, бұл жөнінде талқылаған болатынбыз. Менің ойымша, бастапқы жарнаны төлеу үшін тұрғын үй сертификатын қарастыра аламыз» деген болатын.