Тәртіп сақшылары тойхана қызметкерлерінің қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткенін де тіркеуге алған.
«Ата лған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды» делінген хабарламада.
18:21, 25 Шілде 2021
Шымкенттік полицейлер 90 адам жиналған тойды тоқтатты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының полицейлері «Олжа» тойханасының қожайындары карантиндік талаптарды бұзып, жексенбі күні 90 адамнан асатын мерейтой өткізіп жатқанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.