Адасқан қыздың ата-анасын анықтау үшін Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына барлық жеке құрам жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп, тұрғындардан адасқан қыздың ата-анасы туралы сұрастырды.
Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Қаратау АПБ қызметкерлері 2 жасар қыздың мекенжайын анықтап, қызды ата-анасына апарып табыстады.
Өз кезегінде, жоғалған қыздың ата-анасы шымкенттік полицейлерге алғысын айтып, ризашылығын білдірді.