«Кейбіреулер жай сыныпта бірге оқығанымен, бауырластарынан да жақын болып кетеді. Ал, енді біреулер айырылмас достарға айналған. Үшіншілері құда- жекжат болып сыйласады. Тағы бірқатары бірін-бірі іздеп таба алмай жүреді. Сондай қызығы мен шыжығы мол балалық шақ - бал дəуреннің армандастар- құрдастарына арнайы бір күнді атауға толық негіз бар деп есептеймін», - дейді Бастар Есқараев.
Шенеунік сондай-ақ қазіргі таңда мектептерде өтетін «Соңғы қоңырау» күні әр жылғы бітірген түлектердің кездесуі үрдіске айналып отырғанын айтады.
«Ал, 5, 10, 20, 30, 40, 50 жылдық сыныптастардың кездесулері - бүгінгі күннің заңдылықтары! Яғни, Сыныптастар деген «заңды» қауым бар деген сөз», - дейді басқарма басшысы.
Бастар Есқараев бұл күнге арнап «Сыныптастарым» атты ән де шығарған. Әрі бұл әнге бейнебаян түсірілуде екен.