Полицейлер келгенде 33 жастағы келіншек күйеуінен әбден таяқ жегенін айтып, арыз жазып беріпті. Арызды алған тәртіп сақшылары жәбірленушінің күйеуін іздестіріп, ақыры тапқан.
«40 жастағы тұрғын Еңбекші аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Көлік өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда қолға түскен тұрғыннан тиісті жауаптар алынуда. Тәртіп сақшылары оған қатысты істі әкімшілік сотқа жолдады», - деді полиция қызметкерлері.