ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкенттік тұрғын баспаналы боламын деп бармағын тістеп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкент қаласы, Абай АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын, баспаналы етпек болған танысының 40 миллионға жуық қаржысын қолды еткенін көрсеткен. Қомақты сомадағы ақшаны иеленген азаматша, уәде еткен үйді де, алған қаражатты да қайтармай ізін суытқан.
Бұл істі, полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы ( Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда, күдікті полиция басқармасына жеткізіліп, аталған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Күдіктінің осы тектес басқа да, қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.