Әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында қай автобустың тегін тасымалдайтыны көрсетілген.
«Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына! Ертең Құрбан айт мерекесiне орай, Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң ұсынысымен және GREEN BUS сервис компаниясының қолдауымен N17 бағыттағы шағын автобус халыққа тегiн қызмет көрсетедi» делінген парақшада.
Айта кетейік, аталмыш автобус қаланың орталық базары мен бірнеше шағын аударданды жүріп өтіп, Достық шағын ауданына дейін қатынайды.