Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты
20:28, 03 Маусым 2018
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.