Алғашында бұл заттың не екенін білмей таң қалысқан тұрғындар артынша оның Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі екенін бір-ақ білген. Базбірі нысанды сурет пен бейнетүсірілімге де түсіріп алыпты. Бұл көрініс көршілес Қызылорда және Жамбыл облыстарында да қайталанған.
Кейіннен күнгей жұртшылығы белгісіз нысанның «Союз -ФГ» көліктік басқару кемесі екенін білді. Ол Астана уақыты бойынша 21 сағат 41 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан сәтті ұшырылған болатын.