«Наурыз айының басында күн жылынып, бірқатар тұрғындар жылуды өшіріп тастауды сұрады. Дегенмен, мамандардың айтуынша, жылыту қондырғыларын өшірген соң, күн суығанда оны қайта қосу қиынға соғады. Ол жұмыс ұзақ уақытты талап етеді», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Осыған байланысты жылу беруді тоқтату 1 сәуірге жоспарланып отыр.
Мамандар тұрғындарды бұған түсіністікпен қарауға шақырды. Себебі, орталықтандырылған жылыту жүйесіне ауруханалар, балабақшалар мен мектептер қосылған. Күн күрт суытқан жағдайда бұл мекемелерді жылытуда қиындықтар тууы мүмкін.