Меморандумға сәйкес, төлемнен соғыс ардагерлері, оған теңестірілгендер, ардагерлердің жұбайлары мен Ленинград қоршауында болғандар босатылады. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың сөзінше, 96 ардагер жыл бойы жылуға төлемейтін болды. Әрі мұндай жеңілдіктер өткен жылы да болған еді.
Айта кетейік, «Қуатжылуорталық-3» МКК өткен жылы осындай жеңілдіктерді 119 ардагерге жасаған болатын. Биыл қарттардың қатары сиреп, 96-ны құрап отыр.