Басқосу барысында тараптар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық педагогикалық тәжірибелерін қаладағы басқа мектептерге ендіру және қаладағы инновациялық білім беру сапасын арттыру жайын сөз етті. Меморандум аясында қалалық білім басқармасына қарасты мектептердегі мұғалімдердің кәсіби дамуы мен білім беру мазмұнын жаңарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін негізге алу жайы талқыланды. Осы арқылы оқушылардың бәсекеге қабілетті білім алып, жаңа технологияны меңгеруіне жағдай жасалатын болды.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі қаладағы бірқатар мектептерде егізілген болатын.