Бұл газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында қолға алынған шараларға байланысты болып отыр.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, газ Наурыз шағын ауданындағы ГТП жүйесіне қосылған абоненттерде өшіріледі.
«Қаланың келесі көшелерінде газ болмайды: Ахметов, Сауран, Дәулетұлы, Марғұлан, Қарабұлақ, Қобда, Жал Қордай, Тұяқбаев, Мыңжылқы, Наурыз-1, Наурыз-2, Арғымақ, Баян ауыл, Егеменді, Канал, Қайсар, Озат, Жаңа-арқа, Ердік, Арай, Жаңа құрылыс, Береке, Рысқұлов, Байтұрсынов өткелі. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, газ таратушы мекеме бұған дейін де кезекті жөндеу жұмыстарына байланысты өзге көшелерді де уақытқа газдан ажыратқан болатын.