Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс XV сессиясында Қаратау ауданының әкімі лауазымына Рақымберді Жанысбекұлы Мүлкемановтың кандидатурасы ұсынылып, депутаттар бірауыздан қолдады.
Рақымберді Мүлкеманов 1975 жылы 17 сәуiрде Алматы қаласында туған.
Білімі жоғары. 1997-2009 жылдар аралығында жеке секторда жетекшілік қызметтерде болған. 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Кәсіпкерлік, қаржы және экономика салаларында басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдан бері Шымкент қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
Денсаулығына байланысты өз өтінішімен қызметтен кеткен Абзал Әліқұловқа алғысын айтқан қала әкімі, Рақымберді Мүлкемановқа білікті маман ретінде өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.
Бұған дейін Түркістан облысының Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалған еді.