Синоптиктер болжағандай, түнімен секундтына 15-20 текше метрге дейін қатты жел соғып, таңертеңнен бастап қар жауды.
«Қаңтар айында ауа райы шамамен минус 1-10 градус шамасында болады. Бұл оңтүстік үшін орташа температура болып саналады. Дегенмен жылдың алғашқы айында қатты суық болжанып отырған жоқ»,- дейді «Қазгидромет» ОҚОФ иенженер-синоптигі Салтанат Қоныс.
Қазіргі уақытта қалада -2 градус шамасында суық болып тұр. Қаланың коммуналдық шаруашылық қызметі көшелерді қардан тазартып, құм мен тұз сеуіп жатыр. Жолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Мамандардың айтуына қарағанда, суық ауа райы бірнеше күн сақталады.