Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, көгілдір отынды уақытша өшіру газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында қолға алынып отыр.
"02-04 шілде күндері Шымкент қаласының мына көшелерінде газ беру уақытша тоқтатылады:
- Шымкент қ. №1 ШНОС айналма жолындағы ГТП-126 жүйесіне қосылған абоненттерде, яғни Жастар, Қапал батыр, Панфилов, Р. Павлан, Б.Рамиз, Төлеметов, Тойшы-ата, Амур-аға, Құрбан-ата, Гагарин, Алмалы, Ақниет, Игілік көшелері, Гагарин және Теміржол өткелдері.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚОФ келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрайды" делінген хабарламада.