Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы Румынияның Бухарест қаласының («Рапид») аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Түркияның Анталия қаласында футболдан Шешен Республикасының Тұңғыш Президенті Ахмат Қадыровтың кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирдің топтық кезеңі аяқталады.

Онда "А" тобындағы өнер көрсетіп жатқан Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы кеше Румынияның Бухарест қаласының («Рапид»), аяқдопшлыарына 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін олар енді Латвияның Даугавпилс қаласының «Даугава» футболшыларымен күш сынасады. Бұған дейін олар алғашық ойында Шешенстанның  Грозный қаласының «Терек» командасына 0:1 есебімен ұтылған еді. Қазір турнир кестесінде 6 ұпаймен «Терек» пен «Рапид» көш бастап келеді. Ал «Ордабасы «мен «Даунаваның» қоржыны әзірге бос. Сондықтан бүгінгі ойында  олар бір-бірінен ұпай  алу үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тырысады. Латвиялықтар бұған дейін  шешендерге 0:3, ал румындарға 1:3 есебімен ұтылған еді. Енді 3 ақпанда топтық кезеңнің жеңімпаздары 1-орынға, ал екінші орын алғандар 3-орынға таласады. Қазір «Б» тобындағы командалардың бәрінде  3 ұпайдан бар. Онда  Харьковтың  «Металлист», Бакудың «Нефтчи», Варшаваның  «Полония» және Ташкенттің  «Пахтакор» командалары өнер көрсетуде. Бүгін бакуліктер мен ташкенттіктер, харьковтіктер мен варшавалықтар өзара шеберлік байқасады.