Басқосу барысында судья С.Тулешов «Қылмыстық іс жүргізу туралы түсінік және оның қағидалары» атты баяндама жасады. Оның сөзінше қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты.
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы – бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын-ала тергеу, прокуратура мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Сонымен бірге қылмыстық процесс бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі»,- деді судья.
Семинар барысында сондай-ақ, ҚР Президентінің Жолдауында белгілеген заман талабына сай тиімді мемлекет құрудағы мемлекеттік органдардың рөлі және азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті тұрғаны айтылды. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары болып саналатыны қамтылды. Іс-шара соңында қатысушылар қамтылған тақырып бойынша өзара пікір алмасты.