Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына арналған монеталар
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына арналған бірнеше монета бар. Олар қырғыз елінде 2009 жылдан бері төлем құралы ретінде айналымда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік таратқан ақпаратқа сай, Қырғыз Республикасының ұлттық банкі Шыңғыс Айтматовтың шығармаларына арналған бірнеше монета барын еске салған. Атап айтқанда, «Ш. Айтматов», «Жәмилә», «Бірінші мұғалім», «Ана алаңы», «Қош бол, Гүлсары!» және «Ақ кеме» естелік монеталары шығарылған.
Монеталар 2009 жылғы 4 мамырдан бері айналымда және республика аумағында ресми төлем құралы болып саналады. Бір қобдишада 6 монетадан тұратын жиынтық болады. Әр монетаға сертификат пен сипаттама қағазы берілген.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.