ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан жұмысынан босады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шымкент қаласы әкімдігінен жұмыстан шықтым. Әкімнің бірінші орынбасары лауазымына сонау ковид өршіп тұрған дағдарыс кезінде, 2020 жылғы шілде айында келіп едім. Екі жарым жылға жуық жұмыс істеппін. Одан бері небір қызық, небір қиыншылық өтті. Оның ішінде әрине Қаңтардың орны ерек. Бұл шешім бір күнде туған жоқ. Біраздан бері пісіп-жетілді»-делінген жазбада.
Сондай-ақ, алдағы жоспарын бөліскен ол әзірге ағартушылық пен шығармашылыққа ден қоятынын мәлімдеді.
Фото: Facebook
Қайрат Зайнишев
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.