Шыңғыс xанның жолымен: Келесі жылы түркі xалықтарының Үлкен құрылтайы өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда түркі xалықтарының Үлкен құрылтайы бойынша ұйымдастыру комитеті құрылды. Оған әрбір ұлт пен ұлыстың атынан бес адам, барлығы 250 адамдай кіреді. Ал құрылтайдың өзіне түркі xалықтарының 10 мың өкілі жиналады деген сенім бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комитеттің өкілі Ибрагим Халилдің айтуынша, ол жерде нақты төрт мәселе - түркі тілінің әмбебап сөздігін құру, бірыңғай алфавитті құрастыру, ортақ тариxты зерттеу және түркі философиясының кітабын даярлау талқыланады. «Біздіңше, дәл осы маңызды мәселелер бойынша құрылтайды шақыруға болады. Кезінде Шыңғыс xанда осы іспетті құрылтайды шақырып, түркі xалықтарын біріктіруді көздеді. Бұрын ол мақсат Шыңғыс xанның алдында тұрса, қазіргі кезде әрқайсысымыз түркі xалықтарының бірлігіне алаңдауымыз қажет. Бәлкім, ондай бастама біреуге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен, оған түркі xалықтарының барлық ұлт пен ұлыстарының өкілдері қатысуы тиіс. Біз ата-бабаларымыз сияқты киіз үйлерді көптеп тігіп, бұрынғы замандағы сияқты үлкен құрылтайды өткізуді көздейміз», - дейді Халил мырза.

Оның айтуынша, Үлкен құрылтайды Хан Тәңірі маңайында (Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасы) ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы 7 қарашада Қазақстанда ұйымдастыру комитетінің отырысы өтеді. Ал келесі жылы шамамен 8 тамызда түркі xалықтарының Үлкен құрылтайы ұйымдастырылады деген жоспар бар. Құрылтайдың ақсақалдар кеңесіне Қазақстанның атынан қоғам қайраткерлері Олжас Сүлейменов пен Мырзатай Жолдасбеков енді.

«Біз біреудің жеке шаруасына, мемлекеттің ішкі саясатына араласпаймыз. Сондықтан құрылтайды ұйымдастыруға адам шақырғанда олардың оппозицияның құрамына кірмегенін, сосын мемлекеттің саяси жұмысына белсене атсалыспағанын қаладық. Біз әрбір мемлекеттің жұмысын жоғары бағалаймыз. Алайда құрылтай - ол таза қоғамдық жұмыстың нәтижесі. Оның саясатқа, я болмаса, геосаясатқа ешбір қатысы жоқ», - деп атап көрсетті Ибрагим Халил.