«Бурхан-Халдун таулары (Моңғолия аумағында) Шыңғысханның туған және жерленген жері деп есептеледі және ұлы ханның тауды моңғол халқын біріктіретін маңызды фактор ретінде нығайтуға талпыныстарын көрсетеді», - делінген хабарламада.
Бурхан-Халдун тауларынан басқа тізімге тағы бес нысан енді: Қытай билеушілерінің «тусы» сәулеттік кешені, Пэкче корольдігінің тарихи облысы (Корея Республикасы), Шаур өзені жағалауындағы Арташира сарайы бар Сузы қаласы мен Мейманда мәдени ландшафты (Иран Ислам Республикасы), сонымен қатар Сингапурдың Ботаникалық бағы.
Жоғарыда аталған нысандарды тізімге енгізу шешімі 28 маусым мен 8 шілде аралығында Боннда (Германия) өтіп жатқан Бүкіләлемдік мұра комитетінің отырысында қабылданды.