Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бірнеше жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жексенбі күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі аумағында бірнеше жарылыс орын алды деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Дүйсенбі күні жергілікті БАҚ-тар жарылыстардың Луньтай уезінің бірқатар шағын елді мекендерінде бір уақытта болғанын жазды.

Әзірге екі адамның қаза тапқаны, сондай-ақ жараланған адамдар санының көптігі туралы хабарланды.