Әзірге бұл істің қалай жүзеге асырылатыны хабарланбады. Сондай-ақ сыйақы шетелдік туристерге берілетіні не берілмейтіні де нақтыланбады.
Шыңжаңда террористік оқиғалардың қайталануы мұнда келетін туристер санын азайтты. Яғни, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 40% құрады. 2013 жылдың соңындағы деректерге қарағанда, Шыңжаңның жергілікті тұрғындарының 1,5 млн. астамы туристік және аралас салаларда жұмыс істейді.
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі туризм басқармасының бастығы Инам Несрединнің сөзіне қарағанда, бұл өңірге туристер көптеп келетін. Алайда елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының оңтүстік-батысындағы Куньмине қаласындағы шабуылдардан кейін туристердің көбі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне келуден бас тартқан.
Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Үрімжі сапаржайында болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 79 адам жарақаттанған еді. Ал мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі базарлардың бірінде болған жарылыстан 39 қаза тауып, 94-і жарақат алды.