Нәтижесінде жергілікті билік көздері эпидемияның ошақтарын оқшаулау шараларын қолданып, Н5N1 құс тұмауының ошағын жою мақсатында 150 мыңнан астам үй құсын жойып жіберді.
Бұл туралы бүгін Бейжіңде ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Оның ақпаратынша, 20 маусым күні Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусының алтыншы дивизиясының 102-шы полкында құс тұмауының ықтимал белгілерімен үй бройлерлері анықталды. 5 500 бройлер ауруға шалдыққан, соның 1600 данасы өлді.
Бүгін зертханалық мәліметтер үй құсының Н5N1 вирусын жұқтырғанын растады. Құс тұмауы ошағын жою мақсатында 156 439 бас үй құсы жойылды.