Шыңжаңда 22 кенші шахтадағы үйіндінің астына көміліп қалды

БЕЙЖІҢ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде бүгін көмір шахтасында болған жарылыстан кейін жиырма екі кенші жер астында көміліп қалды, деп хабарлауда жергілікті билік.

Жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:26-да ҚХР ШҰАӨ әкімшілік орталығы - Үрімші қаласына жақын орналасқан Чанцзи-Хуэй автономиялық округінің Хутуби уезіндегі «Байянгоу» шахтасында орын алған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары ұйымдастырылған.