Жерасты дүмпулері 2 ақпан күні бейжің уақытымен сағат 12:13-те, 6 шақырым тереңдікте тіркелді. Қираулар, құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі, Қызылсу-Қырғыз автономды облысының Улугчат уезі Шыңжаңның әкімшілік орталығы - Үрімшіден 1500 шақырым жерде, таулы жерлерде Тянь-Шань, Памир және Куньшань тарамдарында орналасқан.
Солтүстікте Қырғызстанмен шекараласады.