Шыңжаңда 52,2 градус жоғары температура тіркеліп, қытай рекордын жаңартты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кейінгі күндері үздіксіз жоғары температура әсерінен «Отты арал» атанған Қытайдың Тұрпан қаласында ауа температурасы күрт көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Xinhua/Ju Huanzong

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Шыңжаң автономиялы районы Тұрпан қаласының Гаочаң ауданындағы Санбао қалашығы станциясында ең жоғары температура 52,2 градусқа жетіп, маусым айының тарихи рекордын жаңартты.

Шыңжаң метеорология орындарының болжамынша, күннің ыстығы 22-сіне дейін сақталады.