Шыңжаңда балалар қараусыздығымен күрес жүріп жатыр

БЕЙЖІҢ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Елдің басқа аудандарында қаңғырып жүрген 1300-ден астам шыңжаңдық жасөспірімдер үйлеріне қайтарылды, деп хабарлайды ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің үкіметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың мамыр айынан бастап Шыңжаңда балалар қараусыздығымен күрес бойынша жұмыс басталып кетті. Құқық қорғау органдары «қаңғыбас балаларды» іздеу және ШҰАӨ-ге қайтару бойынша шаралар жүргізді.

Бұдан басқа, ШҰАӨ өкіметі кәмелеттік жасқа толмаған қараусыз жүрген балаларға арналған жаңа әлеуметтік оңалту орталығының құрылысына 8 млн. долларға жуық қаржы бөлген.