Шыңжаңда белгісіз біреулер 13 адамды өлтіріп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шыңжаң- Ұйғыр автономиялық өлкесінде болған шабуыл салдарынан 13 адам қаза тапты, деп хабарлады ҚХР билік өкілдері.

Жергілікті билік өкілі Би-би-си агенттігіне оқиға Тәжікстанмен шекарадағы аумақтағы Яркант қаласында болғанын айтты. Жапа шеккендердің барлығы қытай ұлтының өкілдері.

Шыңжаң - жиі шабуылдар орын алатын өңір. Бұған деген жауапкершілікті билік өкілдері ұйғыр сепаратистеріне артады.