Шыңжаңда болған жер сілкінісінің салдарынан 1200-ден астам баспана қирады, экономикалық шығын 4,5 млн. долларды құрады

БЕЙЖІҢ. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде болған магнитудасы 5,3 жер сілкінісінің салдарынан 1200-ден астам тұрғын үй қирады, деп хабарлайды «Тяньшаньнет».

Жергілікті биліктің мәліметтеріне қарағанда, апаттан келген экономикалық залал 27 миллионға жуық юаньді ($4,5 млн.) құрады, 1256 тұрғын үй және 403 мал қорасы қираған.

Еске сала кетейік, жер асты дүмпулері қытай-қырғыз шекарасына жақын жерде ҚХР ШҰАӨ Ақсу өңірінің Кельпин уезінде 1 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 16:34-те тіркелген болатын. Жер сілкінісінің ошағы 9 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі ошағының көлемі, алдын ала мәліметтер бойынша, 31 мың шаршы метрді құрады.