Шыңжаңда ет бағасының көтерілуіне байланысты соғымға деген қызығушылық артуда

БЕЙЖІҢ. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Қытайлық Жаңа жыл (Көктем мерекесі) қарсаңында шекаралық Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданында ет бағасы өсу үстінде, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Шыңжаңның түрлі бөліктерінде сиыр еті мен қой етінің бағасы 1500 теңгені құрайды. ШҰАА ұлттық азшылық өкілдерінің арасында соғым даярлау дәстүріне қызығушылық артуда.

Жергілікті биліктің ет бағасын тұрақтандыру бойынша қолданып отырған шараларына қарамастан, инсайдерлер жақын уақытта қой еті мен сиыр етінің бағасы төмендемейтінін атап өтуде.