Мұнда қонақтарға арнап қардағы әртістік өнер, аттракциондар, шаңғымен аң аулау, сноумобильдермен жарыс, слалом, қар шашу карнавалдары сияқты шоулардан құралған мерекелік бағдарлама әзірленген.
11:05, 02 Қаңтар 2018
Шыңжаңда халықаралық қар фестивалі ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 1 қаңтарда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Канас ландшафтылық паркінде қысқы туризмнің 10-маусымы және алғашқы халықаралық қар фестивалі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуаға сілтеме жасап.